Елімізде әскерилердің физикалық дайындығы бойынша талап өзгереді

287

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердегі физикалық дайындығы жөніндегі нормативтерге өзгертулер әзірледі, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар мыналар:

1) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл мәселе қарастырылмаған;

2) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;

3) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұған дейін кейбір жаттығулар қарастырылмаған;

4) Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жасауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге - бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1 және 5 жас тобындағы әскери қызметші ерлерге – жекпе-жек бастапқы, арнаулы және 8 есепке орындалатын жекпе-жек кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;

5) Кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды - бұған кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.

Құжат жобасы осы жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.