«60-қа келген жоқ қой…»: ақтаулық мұғалім ораза ұстаған оқушылардың ата-аналарына ұрысты

355

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әлеуметтік желіде ақтаулық мұғалімнің ораза ұсаған оқушылар сабақ оқып, білім алуға құлықсыз деп ата-аналарына ұрысқан аудиосы тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ауыз бекіткен оқушылар аштықтан шаршап, үнемі сыныпта ұйықтап отырады екен.

«Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мына балалардың барлығы ораза тұтып алған. Келеді де бәрі бастарын көтере алмай, сабақ оқымайды. Олай бастарын көтере алмайтын болса, ертеңнен бастап ауыздарын ашсын! Бұлар бірінші орында сабақтарын оқуы керек. 60-қа келген жоқ қой әлі, ораза тұтатын! Жатыр бәрі. Мұғалімдердің барлығы шағым жасап жатыр. Орыс тілінен бір-ақ бала сабақ орындаған. Біреуі сабақ орындамай, бастарын көтере алмай жатыр. Үйге барғаннан кейін сөйлесіңіздер немесе ауыздарын ашып, сабақтарын оқысын! Не бұл?!» – деді ашулы мұғалім.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.