Қызылордада тергеу изоляторына әкелген палау ішінен телефон шықты

262

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада тергеу изоляторына алып келген палау ішінен телефон шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген азамат әкелген азық-түлікті тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды. Тексеру барысында бір реттік ыдысқа салынған ыстық палау ішінен фольга қағазына оралған бір ұялы телефон мен бір SIM-карта табылды.

«Оның ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен сегіз жылға сотталған. Тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбекші болған азаматтың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.