Каспий жағалауынан өлі итбалық пен бекірелер табылды

265

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Маңғыстау облысы Форт-Шевченко теңіз портының маңынан 60-тан аса итбалық пен бірнеше бекіре тұқымдас балықта өлі табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап. 


Мамандар барлығы 64 итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балықты тапқан. Оларды Баутин шығанағынан Үрдік мүйісіне дейінгі аралықта жағалауға шығарып тастаған. 
Жергілікті билік экологтармен бірге жұмыс тобын тобын құрып, жануарлардың жаппай қырылу себебін анықтамақ. 

"Итбалықтар мен балықтардың өлігін жақында соққан оңтүстік-батыс желі салдарынан жағалауға шығарып тастаған. Зертханалық сараптама жүргізу үшін өлген жануарлар мен балықтардан сынамалар алынып, салқындату камераларына қойылды. Сонымен қатар су мен ауа сынамасы да алынды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы балық инспекциясындағылар.  

Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудан 230 шақырым жердегі Бозашы түбегінде орналасқан Қаражанбас кен орнына қарама-қарсы жағалауда жергілікті тұрғын 50-ге жуық итбалықтың өлі денесі тапқан еді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.