Екібастұзда бес жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
410
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Екібастұзда бес жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап."24 мамырда сағат 13.45-те Екібастұздағы Абай көшесіндегі пәтерде 2017 жылы туған бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бала Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады сәрсенбіде Павлодар облысының полиция департаментінде.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып, көкбауырын алып тастағанын хабарлады. Ол жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.
Қаз
Рус






