Ақтау дәрігерлері науқас асқазанынан 15-18 см болатын бірнеше темір алып шыққан

271

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Маңғыстау облыстық ауруханасында эндоскопист-дәрігерлер темір жұтып қойған науқасқа тіліксіз ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы науқас 18 мамыр күні жедел түрде ауруханаға келген. Сырқаттың ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынған. Алдымен дәрігерлер жедел түрде лабораторлы-инструментальды зерттеу жүргізді. Іш қуысының рентгенографиясы нәтижесінде асқазаннан бірнеше бөгде зат табылды.


"Науқасқа шұғыл түрде жансыздандыру арқылы эндоскопиялық әдіспен ота жасадық. Яғни, ауыз арқылы видеоэзофагогастродуодеоскопия аппараттың көмегімен денедегі артық затты сыртқа шығардық. Науқас ішінен ұзындығы 15, 16, 18 см темір, басы жоқ қасық алынды. Науқаста ешқандай ауырсыну болған жоқ. Ота шамамен жарты сағатқа созылды. Қазіргі таңда амбулаторлы емге жіберілді," , - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының эндоскопист-хирургы Бауыржан Танауов.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.