Түркия өз атауын өзгертпек

497

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да Халықаралық ұйымдарға елдің атын ағылшын тілінде жазу тәсілін өзгерту туралы ресми өтініш береді. Бұл туралы сейсенбі, 31 Мамырда Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Twitter-де жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол БҰҰ Бас хатшысының атына БҰҰ-ға мүше елдерде Түркия атауының жаңа емлесін "Türkiye"деп бекітуді сұрайтын хат жібергенін жазды.


Егер бұл өтінім қанағаттандырылса, "Türkiye" атауы халықаралық форумдарда және ресми құжаттарда бұған дейін тараған өзге емле нұсқаларының орнына қолданылатын болады.

Anadolu басылымының жазуынша, сондай-ақ, министр Түркияда өндірілген тауарлардың заттаңбасынан "Made in Turkey" деген жазу алынып, "Made in Turkiye" қолданысқа енбек.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.