Антикордың «жалған қызметкері» қамауда
234
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таратылуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Антикорға сілтеме жасап.Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр.
Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды.
Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Қаз
Рус






