Түркістанда 9-сыныптың оқушысы босанып қалған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Түркістанда 9-сыныптың оқушысы босанып қалған. Бұл дерек қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында балалы болған. Осы жағдайдан соң ол "Аналар үйіне" жайғастырылыпты.
Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Оқушының айы-күні жақындағанға дейін сабақтан қол үзбегені белгілі болды.
Қаз
Рус






