Қаңтар оқиғасы: Прокуратура қаза тапқандардың санын айтты

210

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Біз қылмыстық қудалау органымыз ғой, жеке жұмыс істейміз. (...)  Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Мен қазір нақты санын айта алмаймын. (...)  Азаптаудан қайтыс болғандардың жеке тізімі бар, дәл қазір нақты саны есімде жоқ", - деді Шындалиев.


"Азаптаудан 6 адам, барлығы 238 адам қайтыс болды деген ақпарат бар. Рас па?", - деп сұрады журналист.


"Иә. Қаңтар оқиғасы кезінде 232, азаптаудан 6 адам қаза болды", - деп мойындады Бас прокурордың орынбасары.

Осылайша, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың ресми саны өсті. Сондай-ақ, Шындалиев құқық қорғау органдарында 15 адам күдікті деп танылғанын айтты.

"9 адам қамауға алынды. Сегіз адам - ҰҚК қызметкері, біреуі полицей. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек ҰҚК мен полиция қызметкерлері бар", - деді ол.

 Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.