Алматы облысында альпинист әйел Талғар өзеніне ағып кетті

250

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

6 шілде күні кешке Алматы облысы Талғар ауданында қайғылы оқиға болды: әйел адам Талғар өзенінің бойындағы көпірден өтіп бара жатып суға құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 1982 жылы туған турист ағаш көпірден өтіп бара жатып, тепе-теңдікті сақтай алмай, суға құлап, ағыс алып кетті.
Әлеуметтік желілерде әйел Іле ауданында тұратыны және альпинист болғаны жазылды.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, іздеу жұмыстарына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері және еріктілер қатысты.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.