Банкте несиесі бар азаматтар енді несие ала алмайды

435

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Жаңа заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз туралы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микронесие бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі.

Бұл –  қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайтуға бағытталған қадам.

"Микронесиелік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микронесие бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызына қысқарту ұсынылады", – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.