Өзбекстан азаматы қазақстандық жастарды есірткі саудасына тартпақ болған

302

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Өзбекстан азаматы өскемендік жастарды есірткі саудасына тартпақ болған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізген. Белгілі болғандай, есірткіні өткізу мақсатында жастарды жұмысқа тарту үшін Өскемен қаласына 26 жастағы Өзбекстан азаматы келген.
Қазіргі уақытта ол қолға түсірілді. Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын «Альфа-PVP» психотропты зат тәркіленді.

"Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ер адам қамауға алынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде синтетикалық есірткінің 1 600-ден астам бір реттік дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.