Қостанай облысында теміржол өткеліндегі апаттан екі адам көз жұмды

309

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қостанай облысында теміржол өткелінде жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілдеде сағат 14.35-те Қостанай облысының Тобыл-Құсмұрын учаскесіндегі Тобыл станциясының теміржол өткелінде жол апаты болған.

Куәгерлердің айтуынша, "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі алдында тұрған көліктерді айналып өтіп, келе жатқан жүк пойызының алдына, теміржолға шығып кеткен.
"Алау" порталының мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болған.
Пойыз сағатына 57 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да оқиғаның себептері мен мән-жайын тексеру үшін комиссия құрылған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.