Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады

260

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштері баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаздың осындай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз болып отыр.
– Ақпаратты растаймыз. Қазіргі таңда әскери қызметкердің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК 201-бабына байланысты жариялауға жатпайды, – деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған әскери қызметкердің артында бес баласы қалды.
Айта кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы сынақ алаңында әскери қызметкерді әріптесі атып тастаған болатын. Оның туыстары Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сенбейді. Өйткені Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары жігітті алдымен өзі, кейін тағы да қоңырау шалып сарбазды досы атып тастады деп хабарлаған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.