Қызылордада заманауи үлгідегі электр станциясы салынады

284

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада заманауи үлгідегі электр станциясы салынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылордалықтар үшін электр энергиясы өзекті мәселелердің қатарында. Бұған дейін де аймақтағы электр желілерінің тозығы жеткендігі, қолайсыз ауа райының салдарынан жарықсыз қалу жағдайлары тіркелген болатын. Осы мәселені назарына алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев заманауи үлгідегі электр станциясын салуды тапсырды.
Осы мақсатта энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстар жасалды. Нәтижесінде жуырда құны 215 млрд теңгені құрайтын жаңа электр станциясының құрылысы басталмақ.

Инфрақұрылымдық нысан құрылысын аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жүргізеді. Мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді деген жоспар бар. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.