Қазақстанда тағы бір партия пайда болмақ

346

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Shopan ata" ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Агро-индустриалды партия құруға ниетті. Бұл туралы ол өзінің жеке сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтында сілтеме жасап.

“Ал, ағайын! Нар-тәуекел! Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын! Өмірімдегі ең маңызды қадамдардың бірін жасап отырмын! Біздің қатарымызға қосылыңыз!” делінген сайтта жарияланған үндеуде. 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, жалпы малшы қауымға ортақ «Шопан ата» күнін белгілеу бастамасын көтеру арқылы есімі көпшілікке танылған Алмасбек Садырбай – «Shopan-ata» агро-қозғалысының төрағасы, «Qazyna Study» онлайн мектебінің және «Малбазар» Қазақстанның ауыл шаруашылығы хабарландыруларының онлайн платформасының құрылтайшысы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.