Павлодар тұрғыны қыз зорлағаны үшін бес жылға сотталды

227

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Павлодарда қыз зорлады деп айыпталған жас жігітке қатысты сот үкім шықты. Үкімді №2 қылмыстық соты мәлім етті, деп хабарлайды Opennew.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.


Сот сотталушының жасын ескеріп, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал оған тағылған айып 5 жылдан 8 жылға дейінгі жазаны қарастырады.


Сот отырысы жабық өтті, егжей-тегжейлі мәлімет жариялануға жатпайды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот сотталушыны жәбірленушіге келтірілген моральдық шығынды өтеу ретінде 3 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.