Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазына қатысты жаңа деректер айтылды

306

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы қаласында Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ тиіп ажал құшқан. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшартпен қызмет еткен 21 жастағы әскери өз-өзін табельді Макаров тапаншасынан атып өлтірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 


Фото: pixabay.comҚайғылы оқиға қатардағы сарбаз Абылай Сабыров маңызды стратегиялық нысанда қарауылда болған кезде орын алған. Ведомство басшылығының мәліметінше, бұл кезде ол жалғыз болған, мәйіті де сол жерден табылған. Артында қарт ата-анасы мен бауырлары қалды. 

"Қатардағы жауынгер Сабыров резервте болған, яғни бекетте болған жоқ. Түскі ас уақытында, шамамен 14:00-де, 5-бекетте тұрған қызметтесін алмастырды. Ол қызметтесі түскі ас ішіп келгенге дейін бекетте тұруы керек болған. Осы бір сағат аралығында орын алып отыр. Тапанша оң қолында болған, оң жақ самайына тиген. Өзін-өзі жаралаған деуге болғады. Жанында ешкім болған жоқ. Сондықтан болжам айту қиын. Тергеу шараларының нәтижесінде анықталады. Заңға сәйкес өтемақы төленеді", – деді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары Ниязбек Алкешев. 


Сабыров 3650 әскери бөлімінде қызмет еткен, Жетісу облысының тумасы. 23 тамызда мәйіті туыстарына табысталды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.