Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазына қатысты жаңа деректер айтылды
Алматы қаласында Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ тиіп ажал құшқан. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшартпен қызмет еткен 21 жастағы әскери өз-өзін табельді Макаров тапаншасынан атып өлтірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қатардағы сарбаз Абылай Сабыров маңызды стратегиялық нысанда қарауылда болған кезде орын алған. Ведомство басшылығының мәліметінше, бұл кезде ол жалғыз болған, мәйіті де сол жерден табылған. Артында қарт ата-анасы мен бауырлары қалды.
Сабыров 3650 әскери бөлімінде қызмет еткен, Жетісу облысының тумасы. 23 тамызда мәйіті туыстарына табысталды.