Елімізде ұстаздарға арналған жаңа құрмет белгісі пайда болмақ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқу-ағарту министрлігі "Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін" құрмет белгісін тағайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа марапат еңбек өтілі 25 жылдан асқан мұғалімдерге беріледі.
Министрлік салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасаған.
Айта кетсек, оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің жалақысын көбейту, есеп беру мен міндетіне жатпайтын артық функциялардан босату бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді.
Қаз
Рус






