Абайлаңыз алаяқтардың жаңа түрі зейнетақы шотын бұғаттайды

239

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа түрі шыққанын ескертті,- деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.


Фото: pixabay.com

«Өзін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын анықталмаған тұлғалардың бірлі-жарым қоңырау шалу жағдайлары басталды», – делінген хабарламада.


Қоңырау шалушылардың айтуынша, зейнетақы шоты сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады деп ескертеді.

БЖЗҚ мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды (!). Сондай-ақ, төмендегі заң тармақтарын естеріңізге саламыз:

– «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

– «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес.

Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.