Қазақстанда бала күтімі бойынша төлем жаңа жылдан бастап 1,5 жасқа дейін ұзартылады

259

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында бала күтіміне байланысты төлем мерзімін ұзарту 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Avent.ru

"Біз бала күтімі бойынша төлемдерді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жарым жасқа дейін ұлғайтамыз. Ата-аналар нәресте үшін ең маңызды кезеңде балаларымен ұзағырақ болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін артады. Бұл олардың қызметіне оңай әрі жылдам оралуына көмектеседі",  – деді Тоқаев.


Сондай-ақ, президент Қазақстанда ең төменгі жалақы 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтерілгенін атап өтті. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді деді Тоқаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын президент 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілетінін 
айтқан болатын. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.