Каспий жағалауындағы қамыс төрт күннен бері өртеніп жатыр
223
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Каспий жағалауында өртенген қамыс 14 қыркүйектен бері сөнген жоқ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Каспий теңізінің жағалауындағы 20 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр. Атап айтқанда, Атырау қаласы Кеңозек ауылдық округіндегі Алғабас ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта. Теңіз жағалауында өртенген аумақ батпақты, өрт сөндіру техникаларының жүруіне қолайсыз болып тұр. Соған байланысты өртті сөндіру мүмкін емес", — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі.
Бірақ, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттен ешкім зардап шекпеген.
Өртті қарауылдау үшін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 33 қызметкер, 7 техника, оның ішінде 4 АЦ, 1 АСА-20, 1 Газель мен 1 ТРЭКОЛ көлігі тартылған.
Қаз
Рус






