Каспий жағалауындағы қамыс төрт күннен бері өртеніп жатыр

221

Каспий жағалауында өртенген қамыс 14 қыркүйектен бері сөнген жоқ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Фото: ТЖД


"Каспий теңізінің жағалауындағы 20 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр. Атап айтқанда, Атырау қаласы Кеңозек ауылдық округіндегі Алғабас ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта. Теңіз жағалауында өртенген аумақ батпақты, өрт сөндіру техникаларының жүруіне қолайсыз болып тұр. Соған байланысты өртті сөндіру мүмкін емес", — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі.


Бірақ, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттен ешкім зардап шекпеген.
Өртті қарауылдау үшін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 33 қызметкер, 7 техника, оның ішінде 4 АЦ, 1 АСА-20, 1 Газель мен 1 ТРЭКОЛ көлігі тартылған.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.