Атыраудағы шығармашылық мектебі кент әкімдігіне айналған

204

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақжайық-прессИндербор кентіндегі аудандық әкімшілік ғимаратының күрделі жөндеуге тұрғанына бір жылдан асты. Ал әкімшілік қызметкерлері шығармашылық мектептің бір жақ бөлігін уақытша пайдалануда, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі azh.kz сайтына сілтеме жасап.


Бюджеттен күрделі жөндеуге 165 млн теңге қаралып, былтыр тамызда ғимаратты жөндеу жұмысы басталып кетеді. Мердігер - Шымкент қаласындағы «Корпорация АқОрдасы» ЖШС келісімшартта көрсетілгендей, нысанды осы жылдың 1 қарашасында пайдалануға беруге тиіс болатын.
Алайда ғимараттың айналасы жым-жырт тыныштық құшағында, есігі тарс жабық. Сөйтсек жөндеу жұмысы мамырдан бері тоқтап тұр екен. 


“Құрылыс жұмысының тоқтап тұрғанына төрт ай болды. Жұмыстың 65 пайызы ғана атқарылған. Жұмыстың тоқтап тұруына құрылыс материалдарының сметалық жобада көрсетілгеннен екі-үш есеге қымбатсуы себеп болды. Яғни, бөлінген қаржы жеткіліксіз болып қалды. Жуырда ГАСК мекемесінің мамандары қайтадан тексеріс жүргізіп кетті. Енді қанша құрылыс материалдары қажеттілігі, жалпы қанша қаржы екені нақтыланып, сметаға өзгеріс жасалатын болады”, – дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ғабдуллин.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.