Қылмыскер 23 жыл бұрын жасаған ісі үшін сотталды

256

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Кеше Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 23 жыл бұрынғы кісі өліміне қатысты іске үкім жарияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

1999 жылы төртінші сәуір күні кешқұрым уақытта Екібастұзда екі тұрғын арасында ақша үшін қақтығыс болды. Он тоғыз жастағы екібастұздық азамат спорттық-аңшылық мылтықпен қарсыласының басына оқ атты. Жігіт оқиға орнында қаза тапты.


Осыдан кейін қылмыскер Қазақстаннан қашып, ұзақ уақыт бойы Дағыстанда жасырынған. Бірақ 2021 жылы ол ұсталып, Павлодарға экстрадицияланды. Өткен жылдың 3 ақпанынан бастап ол қамауда болды.

Іс Қазақстан қылмыстық кодексінің 96 бабы "з" тармағының 2-бөлігі бойынша (1997 жылғы 16 шілдедегі редакцияда) - "Қасақана ниетпен жасалған кісі өлтіру" бойынша қайта ашылды.

Сот 42 жастағы сотталушыны ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, одан жәбірленушінің, яғни қаза тапқан адамның жұбайының пайдасына 8 миллион теңге сомасында моральдық зиян өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.