Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың балаларының үстінен жемқорлық бойынша іс қозғалған

340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жемқорлық бойынша іс қозғалған. Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық ақша жымқырды деп күдіктелуде. Іс материалдарының сотқа жолданғанын Жамбыл облыстық соты растап отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі


“М.Дайрабаев, Е.Кулкеев, Е.Елибай және Д.Молдақалыққа қатысты ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс Тараз қаласының №2 сотына 19 қыркүйекте келіп түскен”, – деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Ашық дереккөздерден Жигули Дайрабаевтың үш баласы бар екені белгілі. Олардың бірі Марат Дайрабаев Жамбыл облысында тіркелген "MOLBAL" ЖШС басқарған. Тағы бір ұлы Дәурен Дайрабаев Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. 

Еске салсақ, 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға Жигули Дайрабаев алғашқы кандидат болып тіркелді. Оны “Ауыл” саяси партиясының атынан ұсынған. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.