Кафеде атыс болып, бір адам жарақаттанды

395

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкенттегі кафелердің бірінде атыс болып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



7 қазан сағат 4:30 шамасында әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде, - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер «ВАЗ-21014» автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапқан. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.