Полиция қызметкері әріптесін өлтірді деген күдікпен қамалды

308

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында полицей әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

10 қазанда ШҚО патрульдік полиция инспекторының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, - делінген ШҚО ҚД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі аттанды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр. Бұл іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды, - деп толықтырды ШҚО ДП өкілі.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, полиция қызметкері түнде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оның басы көлік есігі мен көліктің арасында қалып қойған. Қаза болған полицейді серіктесі тапқан. Күдіктінің айтуынша, ол әріптесінің көлікте жоқ екенін бірден байқамаған. Оқиға орнында марқұмның етігі мен сүйретілген іздері табылды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.