Қызылордада ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп алдап соққан күдікті ұсталды

279

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласында ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп тұрғынды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды, Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөліміне 25 жастағы облыс тұрғыны арызданған болатын. Белгілі болғандай, осы жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, екі миллион теңге қаражатын иемденген. 


Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. 47 жастағы күдікті азаматшаға жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.  


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.