«Қайраттың» жас футболшылары Санкт-Петербургтегі халықаралық турнирге қатыспақ

1 671

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Қайрат» футбол клубының «Қайрат» U-16 жасөспірімдер командасы халықаралық турнир – Дмитрий Бесов кубогына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Санкт-Петербург қаласының «Газпром»-Академия манежінде 24-26 ақпан аралығында 15 жастағы футболшылардан құралған 4 команда ойнайды. Олар: санкт-петербургтік «Зенит», «Қайрат», сербиялық «Црвена Звезда» және Минскінің «Динамосы». Әр команда әрқайсысымен бір рет ойнайды.

«Қайраттың» матч кестелері (Алматы уақыты бойынша):
24 ақпан, сағат 14:00-де «Қайрат» – «Динамо-Минск»,
25 ақпан, сағат 14:00-те «Црвена Звезда» – «Қайрат»,
26 ақпан, сағат 16:00-де «Зенит» – «Қайрат».
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.