Мемлекет шахматтан әлем чемпиондарына өмір бойы қаржылай көмек төлемек

1 272

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда шахматтан әлем чемпиондарына өмір бойы қаржылай көмек берілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.



Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттен өмір бойы материалдық көмек алуға құқылы спортшылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл тізімге ересектер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары да қосылуы мүмкін.


Спортшылар мен жаттықтырушының міндетті еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға төмендету көзделіп отыр. Талапкер 10 жыл бойы үздіксіз еліміздің дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етуі тиіс.


Қаржылай көмек тек Қазақстанның азаматтығы бар спортшыларға ғана беріледі. Тиісті құжат жобасы Ашық үкімет порталына қоғам талқысына шығарылды.


Қазір өмір бойы қаржылай көмек олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада жеңімпаздары мен жаттықтырушыларына беріледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.