Қазақстандық балуан қыздар Варшавада 2 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды

1 323

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық балуандар Польша астанасы Варшава қаласында әйелдер күресінен XXVII Poland Open халықаралық жарысында 2 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, жалпыкомандалық есепте Польша құрамасы көш бастаса, Қазақстан мен Канада үздік үштікке кірді.


Қазақстаннан Ирина Казюлина (65 кг) финалда украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панасович (72 кг) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге есе жіберді.


Сонымен қатар Айнұр Әшімова (55 кг), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмағында қола жүлдеге ие болды.


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, батысқазақстандық Анастасия Панасовичтің алғашқы бапкері – Баймұрат Абдрахманов. Қазіргі кездегі жеке жаттықтырушысы – Мұсабек Нарегеев.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.