Қытайдағы жазғы универсиадада Қазақстан медальдар кестесінде 10-орынға табан тіреді

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадасының медальдар кестесінде ел құрамасы 10-орынға көтерілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазір отандастарымыздың еншісінде 11 медаль бар. Оның бірі – алтын, бесеуі – күміс, бесеуі – қола.


Медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 14-орыннан 10-орынға көтерілді. Көш басында 28 (17-6-5) медальмен Қытай келеді. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның – 28 (13-10-5) Жапонияның 25 (11-7-7) медалі бар.


Жазғы универсиаданың үшінші жарыс күні, 31 шілдеде Қазақстан 6 медаль алды.


Атап айтқанда, таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) дүниежүзілік доданың жеңіс тұғырына көтерілді.


Ал Диана Тұрсынбек (садақ ату) екінші орыннан көрінді.


Көркем гимнастикадан Елжан Таниева екі күміс (доп пен лентамен өнер көрсету), бір қола (құрсаумен сайыс) алды.


Ел құрамасынан винтовкамен 10 метр қашықтықта оқ ату сайысында Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев және Никита Шахторин қола жүлде иеленді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.