Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізбек

1 302

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Отандасымыз IBF белбеуінің иегері Винченцо Гуальтьеримен күш сынасады. Әлімханұлы белбеуін осымен екінші рет қорғаса, ал Винченцо алғаш рет қорғамақ.


“Құдай қаласа елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз!” – деп жазды Әлімханұлы желідегі парақшасында. 


Жекпе-жек 14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді деп жоспарланған. 


“"Жәнібек – Эскива Фалькао секілді әуесқой бокста көп жетістікке жеткен көрнекті боксшы. Әрі Фалькао секілді фаворит. Бірақ Жәнібек Фалькао сияқты жеңіліп қалады, өйткені менде ең жақсы команда және чемпионның рухы бар. Тек осы ғана кім жеңіп, кімнің ұтылатынын шешеді”, – деп жазды Винченцо Гуальтьери.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.