«Барселона» Педридің Олимпиадаға қатысуына қарсы
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
«Барселона» Испания футбол федерациясынан жартылай қорғаушы Педриді Олимпиада ойындарына шақырмауын өтінген.
Өткен маусымда Педри «Барселона» сапында барлық жарыстарда 52 кездесу өткізді. Қазір Испания құрамасында Еуропа чемпионатындағы барлық матчтарға қатысып жүр. Олимпиада ойындарына барған жағдайда, футболшыға үлкен жүктеме түсетіні сөзсіз.
Айта кетейік, Педри бар болғаны 18 жаста. Соған қарамастан 20 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлемдегі ең қымбат ойыншы. Трансфермаркт оны 70 миллион еуроға бағалап отыр.

Қаз
Рус






