Қазақ балуандары Алматыдағы PWL турнирінде әлемнің ең үздік балуандарына қарсы белдеседі

2 690

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PWLАлматы қаласында әлемнің ең үздік балуандары өзара мықтыны анықтайтын PWL турнирі өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еліміздің ең үздік балуандары 25 ақпан күні Алматы қаласында өтетін PWL 8 турнирінде дүниежүзінің даңқты балуандарына қарсы күресіп, өзара мықтыны анықтайды. Сегізінші рет ұйымдастырылып жатқан Professional Wrestling League (PWL) турниріне Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әйгілі америкалық балуан Олимпиада чемпионы (Рио-2016), үш дүркін әлем чемпионы Кайл Снайдерге қарсы күреседі. 

Сондай-ақ Қазақстан еркін күрес құрамасының капитаны, екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Азамат Даулетбеков Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, Беларусь атынан сынға түсетін Магомедхабиб Кадимогмедовпен күреседі. Одан бөлек, танымал қазақстандық балуан қыз, үш дүркін Азия чемпионы, Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және әлем чемпионаттарында төрт рет жүлдеге ие болған Жәмила Бақбергенова қырғызстандық Айпери Медетқызына қарсы сынға түседі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.