Жалғас Жұмағұлов жекпе-жекте аяғын сындырып алса да жеңіске жетті

2 634

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотАлматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен (15-9) АҚШ өкілі Кливленд Маклин (17-11) кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу аса жеңіл салмақта өтті және 3 раундқа созылды. Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.


Осылайша, 35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Ал Кливленд Маклин 12-рет жеңіліс тапты.


Бұл Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жегі болды. Ол 2023 жылы UFC промоушенінен шыққан соң, Naiza лигасында дебют жасады. Сол дебютінде Жұмағұлов жапониялық файтер Масато Накамураны (9:8) нокаутпен жеңген болатын.


Ал Кливленд Маклин осыған дейін 2023 жылдың тамызында жекпе-жек өткізіп, отандасы Фуми Нкутадан жеңіліп қалған еді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.