Әйелдер боксында енді шлем қолданылмайтын болады

2 567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ru.freepik.comЕнді алдағы уақытта бұрымды боксшылар да, ерлер сияқты шаршы алаңда шлемсіз жұдырықтасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми сайтында жарияланды.


Атап айтсақ, аталған шешім Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында қабылданған. IBA әзірге бұл шешімге өту үшін үш кезең қарастырған.


Нақтырақ айтсақ, әйелдер арасындағы жекпе-жектерде шлемге тыйым салу маусым айынан соң күшіне енбек. Негізі бұл талап бір жыл бұрын талқылана бастаған екен.


Сонымен қатар Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында Белград 2025 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болғаны ресми түрде жарияланды.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) директорлар кеңесінің ресми отырысында 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтетіні туралы шешім қабылданған болатын.


Есте болса, 2016 жылы Астанада әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп, сол жарыста Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті. Қазақстандықтар онда 4 алтын мен 2 қола медаль олжалаған еді. Онда, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева теңдессіз деп танылса, Жайна Шекербекова мен Айжан Қожабекова үшінші сатыға табан тіреді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.