Еліміздің тағы бір дзюдошысы Олимпиаданы жеңіспен бастады
317
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күнінде ерлерден 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошы Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан бастады. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетяннан басым түсті.
Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Десе де қосымша уақытта Жансай "ваззари" ұпайын еншілеп, қарсыласын жеңе алды.
Смағұловтың келесі қарсыласы канадалық Артур Маргелидон болмақ.
Қаз
Рус






