Қазақстанның бірінші ракеткасы Олимпиаданың үшінші айналымына өтті

261

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастырып, қарсыласынан басым түсті.

Елена Рыбакина екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған.


 Рыбакина бірінші айналымда австралиялық Саманта Стосурмен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. 


Айта кетсек, Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. 


Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. 


Зарина Дияс алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан. Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды. 


Одан бөлек, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Токио Олимпиадасындағы жекелей сында жеңіліс тапты. 


Ол ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесуде Бублик 4:6, 6:7 есебімен қарсыласына жол берді. Енді Александр Бублик Токио ойындарын жұптық сында жалғастырады. 


Сол арада, Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күнінде еліміздің тағы бір дзюдошысы жеңіске жетіп отыр. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.