Әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық боксшылар рингке шығады

2 334

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: olympic.kzАнглияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы өткізетін ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Турнирде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Бірінші күнгі жарыста екі отандасымыз өнер көрсетпек. Әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова өзбек боксшысы Нигина Уктамовамен кездеседі. Бұл жекпе-жек А рингінде кешкі сессияда, яғни Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де өтеді.

Сол күні 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай да алғашқы айқасын өткізеді. Оның қарсыласы — жергілікті боксшы Айзек Око. Кездесу В рингінде 13-жекпе-жек болып жоспарланған.

Жанкүйерлер жекпе-жектерді Qazsport және SPORT+ телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.