Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 2 медальмен толықты

396

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Prosports.kz.Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 2 медальмен толықты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат  агенттігі.

Қазақстандық жүзушілердің екеуі де баттерфляй стилімен 100 және 50 метр жеке қашықтықтарда үздік болды. Әділбек 100 метрде 53.20 секунд уақыт көрсетіп, түрік Үміт Жан Гюрес пен Өзбекстан өкілі Эльдорбек Усмоновты басып озды.
София Абубакирова 27.17 секунд нәтижесімен Ислам ойындарының басты медалін жеңіп алып, Әзербайжан өкілі Мариям Шейхализадешагшах пен түркиялық Алина Өзканды артта қалдырды. Дәл осы қашықтықта мәреге бесінші уақытпен келген тағы бір қазақстандық Данэлия Дю да өнер көрсетіп, 28.34 уақытты көрсетті.
14 тамызда ауыр атлеттер де Қазақстан қоржынына үш медаль әкелді: Айша Омарова - «күміс», Арай Нұрлыбекова - «күміс» және Бектай Асылжан - «қола».
Сондай-ақ осы жарыс күні жүзуші Ксения Игнатова да қола жүлдемен марапатталды.
Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова және Әсел Шүкірбай құрамында болған қазақстандық гимнасттар 5 шеңберлі жаттығуларда үшінші орынды жеңіп алды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.