Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

2 547

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Sports.kzҚазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметовамен шеберлік байқасты.


Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде Рыбакина басым түсті.


Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Елена әбжілдік танытты — 7:6 (7:3).


Екіншісінде Вероника есе қайырды — 6:1.


Үшінші, шешуші сетті Рыбакина брейкпен тәмамдады — 6:4.


Екі сағат 35 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 9 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Кудерметова 5 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 


Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабер немесе рейтингіде 14-орындағы италиялық Ясмин Паолинидің қай жеңгенімен таласады.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.