Қазақ боксшысы әлемнің ең үздік бестігіне енді

2 056

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: prosports.kzҚазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


WBC ұйымының жаңартылған рейтингінде 1-орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымының жаңартылған рейтингінде де үздік бестіктің қатарына қосылды. Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының салмағында сынға түсетін отандасымыздың алдында ұлыбританиялық Хамза Шираз бен Дензел Бентлиді және америкалық кіші Шейн Мозли тұр. Мейірім Кореяда өткізген жекпе-жегінде Казуто Такесаконы техникалық нокаутпен ұтып, WBO International белбеуін жеңіп алған еді.


Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеу (IBF, WBO) Жәнібек Әлімханұлына тиеслі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.