Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады

17

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Астана қаласының әкімдігіШахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында жалғасып жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнайды.

2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеген. Ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинаға жол берген болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.