Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде өз орнын сақтап қалды

2 532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

sports.kzӘйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Ролан Гаррос турнирінен кейін жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Франция ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5973 ұпаймен 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге сырғыды.


Аталмыш жарыс жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек 11 695 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озып кетті. Екінші орынға америкалық Кори Гауфф (7 988) көтерілсе, беларусьтік Арина Соболенко (7 788) 3-сатыға төмендеді.


Ролан Гарроста ширек финалда Е.Рыбакинаны жеңіп, соңғы бәсекеге дейін жеткен италиялық Ясмин Паолини (4 068 ұпай) 15-тен бірден 7-орынға шықты.


Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 57-ден 54-сатыға жоғарылады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.