Дмитрий Попко Доминикан додасында қарсыласын ойсырата ұтты

2 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: dmitrypopko/InstagramҚазақстандық теннисші, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко Санто-Доминго (Доминикан) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 292-ракеткасы, америкалық Тай-Сон Квятковскимен шеберлік байқасты.


Қазақстандық теннисші матчты қарқынды бастап, содан жаңылған жоқ. Бірінші партияда 6:1 есебі тіркелсе, екінші сетте де оның басымдылығы айқын байқалды – 6:2.


Небәрі 56 минутқа созылған бәсеке барысында Попко 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Квятковски 4 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.


Дмитрий Попко ширек финалда өнер көрсету үшін әлемнің 100-ракеткасы, босниялық Дамир Джумхур немесе рейтингіде 514-орындағы тағы бір америкалық Кэннон Кингслидің қай жеңгенімен таласады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.