Месси "Барселонамен" қош айтысты

204

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 "Барселона" капитаны Лионель Месси каталониялық клуб сапынан кетті.

"Барселонаның" ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, клуб Мессимен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келген, алайда Ла Лига ережелері келісімді ратификациялауға мүмкіндік бермепті.

"Бұндай жағдайда Месси "Барселона" ойыншысы болып қалмайды. Ойыншының да, клубтың да қалағаны орындалмай қалуы қос тарап үшін өкінішті жайт болып отыр" делінген хабарламада.

 Айта кетейік, Мессидің "Барселонамен" соңғы келісімшарты 30 маусымда аяқталды және ол мансабында бірінші рет еркін агент атанған еді.

 Сұрмерген мансабын тек каталониялық клуб сапында өткізді. Өткен маусымда шабуылшы Испания чемпионатында 35 матчқа қатысып, 30 гол соқты.

 "Барселонамен" бірге Лео 34 кубокты жеңіп алғаны белгілі. Оның ішінде 10 рет Испания біріншілігін және төрт мәрте Чемпиондар Лигасын ұтты. 

Сонымен қатар, Месси "Алтын допты" алты рет жеңіп алған футбол тарихындағы жалғыз ойыншы. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.